«Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп директорының
«Өзіңнен баста» акциясы аясында мүлкі мен табыстарын жариялаған туралы мәлімет
Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп директоры
А. Құрманбеков. Ай-сайынғы табысым 230 061 тенге және атымда тіркелген 15 соттық жер телімі, 105 ш/м тұрғын үй, 68 ш/м қора-жайым бар.
Құрманбеков Аблайхан Кеңесбайұлы 1960 жылы 19 қазанда Кентау қаласында дүниеге келген. 1978-1983 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтында оқып, «Көркем сурет және еңбек» мамандығы бойынша біліктілік алды. 1983-1987 жылдары Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жасөркен елді мекенінің «Жасөркен» орта мектебінде ұстаздық қызметін атқарды. 1987-2006 жылдар аралығында Түркістан қаласы, №1 А.Байтұрсынов мектебінде ұстаздық және оқу ісі жөніндегі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарды. 2006 жылдан бері Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебінде директорлық қызметін атқаруда. Аблайхан Кеңесбайұлы жоспары кең ауқымды жасалынған құнды еңбектер атқарды.
Тәуелсіз Қазақстанымыздың көркейе түсуі және Елбасымыз Н. Назарбаевтың көрегенді саясатын жүзеге асыруда өзінің ерекше еңбектерімен көзге корініп ұжым жұмысын жандандырды. Мектептің заман талабына сай безендіру жұмысына бірнеше іс шаралар ұйымдастырды. «Үш тұғырлы тілді» қолдау, оқушыларды білімге жетелеу барысында «Абай», «Шекспир», «Пушкин», «Науаи» залдарын жасауға атсалысты. «Табиғат пен адам егіз» деген қағиданы пайдалана отырып «Тірі мүйіс» бұрышын, ата-бабамыздың өткен тарихын, мәдениетін бала бойына сіңіру барысында «Өлкетану» мұражайын ашты.
12 жылдық білім беру — заман талабына байланысты және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша кабинет байқаулары ұйымдастырылды. Байқауға «Жеке тұлғаны дамыту», «Қазақ тілі мен әдебиет», «Математика», «Ағылшын тілі», «Бастауыш сынып кабинеттері» жаңаша әдіс-тәсілдер бойынша қайта жанданып, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды.
«Дарынды шәкірт ел болашағы» демекші ғылыми жұмыспен айналысатын, шығармашылық жұмыс жасайтын оқушылар, спорт, өнер саласындағы дарынды балалар қалалық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып жүлделі орынға ие болып келеді. Қала әкімінің «Ең таза қала» атты үндеуін ұжымға насихаттау барысында қоғамдық іс шара ұйымдастырды. Мектеп пен ата-ана арасында ынтымақтастықты қалыптастыру барысында сенбілік ұйымдастырылды. «Ең таза сынып», «Ең таза аула», «Ең таза көше» атты байқауға ата-аналар, оқушылар, ауыл тұрғындары қатысып, жеңімпазды ауыл әкімшілігі марапаттап, жергілікті телеарна арқылы көпшілікке үлгі етті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында мектеп жанынан «Спорт әлемі шақырады» деген тақырыпта іс шара өтіліп, спорт кешенінің ашылу салтанатын ұйымдастырды.
Аблайхан Кеңесбайұлы мектептің материалдық – техникалық базасын нығайту барысында аса жауапкершілікпен іскерлік танытқаны үшін, білім беру саласын дамыту мақсатында жүргізген елеулі еңбектері үшін үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Атап айтсақ, 2007 жылы «Нұр Отан» ХДП алғыс хаты, 2008 жылы ҚББ мадақтама қағазы, 2009 жылы ҚББ Құрмет грамотасы, 2009 жылы ҚББ мақтау қағазы, 2010 жылы ОҚО Білім басқармасының Алғыс хаты, 2010 жылы Жаңа Иқан ауыл әкімінің Алғыс хаты, 2010 жылы ҚББ Алғыс хаты, 2011 жылы ҚББ Мақтау қағазы, 2011 жылы ОҚО мәслихатының грамотасы, 2011 жылы Қазақстан Республикасы «Достық» Ассоцияциясының Алғыс хаты, 2012 жылы ҚББ «Шығармашыл директор» атты мақтау қағазы, 2012 жылы Ш. Ниязовтың мерейтойына орай «Үлгілі ұстаз» медалі, 2013 жылы ерен еңбегі үшін «Халықтар достығы» медалі, 2013 жылы Облыстық «Білім беру ұйымдарын басқарудың үздік моделі» байқауында «Басқарудағы жаңашыл идея» номинациясын иеленгені үшін Оңтүстік Қазақстан Облыстық білім басқармасының мадақтамасы, 2013 жылы наурыз айында білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, 2014 жылы ерен еңбегі үшін «Даңқ» орденімен марапатталған. Соңғы 5-6 жылда рейтингілік бағалау бойынша мектеп түлектері жыл сайын Ұлттық бірыңғай тестілеуде жақсы білім көрсетіп келеді. Бірнеше оқушыларымыз сапалы білімнің нәтижесінде мемлекеттік грантты жеңіп алуда. 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы арқылы, Астана қаласында Кембридж тәсілімен мектеп басшылығының бақылау – бағалау қызметі бойынша білім алуда.









